Орман өзені
Портфолиоға оралуМАРАПАТТАР
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
ЖОБА ТҮРІ
ДЕВЕЛОПЕР
КОМАНДА

КОНЦЕПЦИЯ
Біздің міндетіміз тұрғындар үшін кез келген адам уақытты қызықты өткізе алатын нағыз парк жасау еді. Адамдарға барынша жайлылық сыйлап, тыныштық сезіміне бөлеу үшін табиғатқа неғұрлым жақын дизайнерлік шешімдерді таңдадық.
Концепция өзен мен оның ирелеңдеген арнасын еске салатын маршрут жасауда. Негізгі жол ең кең болады, одан, шағын өзендер іспетті, әртүрлі белсенділіктер орналасқан аралдары бар соқпақтар мен серуен маршруттары тарайды.
ҚАЛҚАЛАР
— Ақ түске боялған металл құбырлардан жасалған үш қалқа — қиыршық тас бағының үстіндегі сақиналар.
— 10-аймақта — балқарағай төсеніштегі, гамак-креслолары бар дөңгелек қалқа.

ЖАҒАЛАУ
— Кеңселер мен дүкендер алдындағы жағалау мен алаң қала үшін ашық.
— Сауда галереясы бойында — променад: ағаштар, күбілердегі жасыл өсімдіктер, қолшатыр астындағы үстелдер.
— Кеңселер жанында тірек қабырғалар ақ бетон мен балқарағайдан жасалған орындықтарға ұласады.


ЖОБА ТУРАЛЫ
Тұрғындар бірегей арт-нысанды тамашалай алуы үшін минус қабатта орнатылып, бұтақтарымен аула деңгейіне дейін көтерілетін ағаш пішініндегі мүсінді жобаладық. Ол табиғат пен орманға меңзейді және ландшафтты сәулетпен біріктіреді. Кешкі уақытта ағаш жарқырап, жайлы атмосфера жасайды.
Сондай-ақ орталық аймақта кез келген ауа райында аулада демалуға мүмкіндік беретін қалқалар қарастырылған. Павильонда газ камині орнатылған, суық мезгілде газоны бар негізгі алаңды мұз айдынына айналдырып, қысқы белсенділіктер үшін қолдануға болады.

